Алматы академиясы әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының төрағасы болып бекітілді

14 Қаңтар 2023, 14:06
1259
Бөлісу:
Алматы академиясы  әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының төрағасы болып бекітілді
PHOTO

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындары Қауымдастығының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қауымдастық 2022 жылдың қазан айында құрылған болатын. Отырысқа қатысушылар Қауымдастық туралы Ережені қабылдады. Аталған Ережеде жоғары білікті мамандарды даярлау барысында оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және білім беру мен ғылым салаларындағы қарым-қатынастарды үйлестіру бойынша бірлескен жоспарлар белгіленді. 

Алматы академиясы  әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының төрағасы болып бекітілді

Қауымдастық отырысында жоғары оқу орындары басшыларының бірауыздан қабылдаған шешімімен ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы ҚР Әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының төрағасы болып бекітілді

Өзгелердің жаңалығы