Алматыға 150 000 дана "Парацетамол" жеткізілді

7 Шілде 2020, 09:05
1964
Бөлісу:
Алматыға 150 000 дана "Парацетамол" жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалық етуімен өткен арнайы кеңесте "Inkar" ЖШС қалаға қосымша 150 000 дана "Парацетамол" әкелінгені және жуық арада 850 000 дана дәрі жеткізілетіні туралы хабарлады. 

Сондай-ақ, жұмыс кездесуіне Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары, қаланың құқық қорғау органдарының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, Алматы дәріханаларының ірі желілерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының фармқызметін қолдау және дамыту қауымдастығының және т.б. өкілдері қатысты.

Кеңесте Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (ТҚСҚБД) қала дәріханаларында дәрілердің болуына және оларға қойылған бағаларға күн сайын мониторинг жүргізіп отыру тапсырылды. Құқық қорғау органдарының алдына дәрі-дәрмектерді заңсыз, оның ішінде, онлайн алаңдары арқылы сатуға жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу міндеті қойылды. Әкімнің орынбасарының тапсырмасына сәйкес, ІІД ТҚСҚБД бірлесіп, алып қойылған дәрі-дәрмектерге талдау жүргізуі және қаланың Жедел штабына өткізуі тиіс. 

Бұдан бұрын, Алматы қаласы әкімдігінің нарық қатысушыларымен және тиісті мемлекеттік органдармен Алматы қаласының дәріханаларына әлеуметтік маңызы бар дәрілердің 41 түрін басымдық тәртіпте күнделікті жеткізу мәселесін шешкенін естеріңізге саламыз. Бұл мақсатта фармкомпаниялармен келісімге қол қойылды және 103 дәріханадан тұратын тізім белгіленді, оларға дәріні басымдық тәртіпте жеткізетін болады. Бұл тізімге тағы да екі дәріхана белгіленді, ол әрі қарай кеңейеді және әрі қарай тізімге қосылады. Осылайша, бүгінгі күні тізімде 105 дәріхана бар, олар қаланың әрбір ауданында бар. 41 препараттың әрқайсысы бойынша негізсіз дүрбелең тудырмас үшін бір қолға сатудың қолжетімді саны белгіленді. Дәріханалардың дәрілердің бағасын көтермеу және бір қолға бір атаулы дәрінің 3 бірлігінен артық сатпау міндеті көзделді.

Бағаларды бақылау мақсатында қаланың аталған 105 дәріханасында күн сайын дәрілердің бағасына мониторинг жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ірі жеткізушілерді, өндірушілерді және дәріхана желілерін қоймадағы бар және келуі күтіліп отырған дәрілер бойынша дұрыс ақпарат беруге міндеттейтін қаулы қабылдады.

Жалпы алғанда, қаланы қажетті дәрілермен және термометрлермен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Ірі жеткізушілер күн сайын "Парацетамол", "Ибупрофен", "Эффералган", "Аспирин", "Тамифлю", "Ингавирин", "Азитромицин" және "Сумамед" секілді дәрі-дәрмектерді жеткізуді жүзеге асырады.

Бүгінгі кеңес шеңберінде бұдан бұрын 2020 жылғы 2 шілдедегі келісімге қол қойған барлық қатысушыларға дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

5 шілдедегі деректер бойынша қаланың дәріханаларына 115 000 дана "Парацетамол", 30 000 термометр, 20 000 "Ибупрофен", 35 000 "Ингавирин" және басқа да дәрілер жеткізілді. Бүгін қосымша 150 000 "Парацетамол" және 50 000 термометр жеткізілді. 8 және 12 шілдеде 850 000 "Парацетамол" қосымша жеткізіледі деп күтілуде.

Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының деректері бойынша, тексеру нәтижесінде дәріні, оның ішінде, "Цефазолин", "Tamiflu" және "Ингавирин 90" дәрілерін заңсыз сату жайттары анықталды, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданды, сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

Дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел желі телефондары:

+7 (775) 882 52 00

+7 (775) 882 53 92

+7 (775) 882 53 12

+7 (775) 882 54 16

+7 (775) 882 56 49

Жедел желі телефонының жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, таңертеңгі сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.

Өзгелердің жаңалығы