Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылы "Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы" жобасы іске қосылды. Бұл азаматтар үшін объектілерді дамыту және жұмсалатын бюджеттері, атқарылған жұмыстарды қарауға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар Игіліков айтты.
Оның айтуынша, егер жолдарды сапасыз жөндеу жүзеге асырылса немесе мемлекеттік бағдарлама аясында салынған су құбыры жұмыс істемесе, әркім карта арқылы жедел қаралатын ақпаратты жібере алады.
Сонымен қатар бірыңғай call-орталық 1424 жұмыс істейді, онда тегін кеңес алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген фактілерін хабарлауға болады. Өткен жылдың 12 айында Call-орталықтарға қарау және шешім қабылдау үшін 112 өтініш келіп түсті, оның ішінде 7 қылмыстық іс қозғалды, тексеру жүргізу үшін 18 іс жіберілді, 6 іс әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жолданды,-деді ол.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық хабарламаларының басым бөлігі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан пара бопсалау және заңсыз сыйақы алу фактілеріне қатысты болған.
Өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша құрылған "Алматы – Адалдық Алаңы" жобасы алдын алу жұмысына күшті серпін береді. Жоба аясында көптеген мемлекеттік органдар мен мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсетудің кедергісіз және жайлы жағдайлары жасалған, ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру және қысқарту жүргізілуде, - дейді басқарма басшысы.
Сондай-ақ ол биылдан бастап еріктілер қала әкімдігімен бірлесіп, волонтерлік қызмет көрсету принципі бойынша жұмыс істейтін "ізгілік елі" атты ауқымды қайырымдылық әлеуметтік жобасын ұсынғанын жеткізді.
Жоба азаматтық қоғамның, оның ішінде жастардың белсенділігін арттыруға, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге мүмкіндік бермек.
Волонтерлік қозғалысқа 10 мыңға жуық волонтер қосылды, 300-ден астам қайырымды іс көрсетілді. Сонымен қатар, Темір жол тасымалын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізуге бағытталған “Адал Жол” жобалық кеңсесі аясында Теміржол көлігінде билетсіз адамдардың жол жүруінің жолын кесу бойынша тұрақты рейдтер жүргізілді. Барлығы 82 жолаушы пойызы тексерілді, 31 бұзушылық анықталып, 66 әкімшілік материал жасалды, 1,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді ол.
Бқған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда 2019 жылы 175 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс тіркелген.