Allur зауытының қызметкерлері жаңа Конституция жобасын қолдады

Қостанайдағы ірі кәсіпорын жаңа Ата Заңды талқылады.

 ©BAQ.KZ 22 Ақпан 2026, 12:47
22 Ақпан 2026, 12:47
710
Фото: ©BAQ.KZ

Қостанайда ірі өнеркәсіптік кәсіпорында жаңа Конституция жобасы мен алдағы референдум талқыланды. Зауыт басшылығы мен қызметкерлер конституциялық реформалардың экономика дамуы, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық мемлекетті нығайту үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қостанайдағы Allur зауытында компания директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Конституциялық комиссиясының мүшесі Андрей Лаврентьев еңбек ұжымымен кездесті.

Талқылауға 200-ден астам қызметкер: елдің өнеркәсіптік болашағын қалыптастыратын жұмысшылар, инженерлер мен мамандар қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция әділетті құқықтық мемлекеттің негізі екені, оның ортасында еңбек адамы, оның құқықтары, қадір-қасиеті мен болашаққа деген сенімі тұруы тиіс екені ерекше атап өтілді. Зауыт ұжымы жүргізіліп жатқан реформалар мен алдағы референдумды қолдайтынын білдірді.

Allur –  заманауи өндіріс, технологияны дамыту, локализация және адам капиталына инвестиция салу деген сөз. Күшті экономика еңбек адамына құрметтен басталады.

5 мыңнан астам қызметкері бар ұжым жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Олар бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшада жарияланған бейнеүндеуде айтты.

Біз – зауыттың жас мамандарымыз. Біздің буын үшін басты құндылық – әділдік пен нақты, түсінікті ережелер. Бұл –  азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Осындай негіз бар жерде өндіріс сенімді дамиды, ал болашақ тұрақты болады. Реформа – бір реттік өзгеріс емес, бұл елдің ұзақ мерзімді таңдауы. Біз тұрақты заңға, жауапты билікке және ашық диалогқа сенеміз, - деді операциялық логистика жөніндегі директор Ансаған Исмағұлов бейнеүндеуде.

Оның айтуынша, өндірісте де, қоғамда да дамудың негізі – тәртіп пен сенім.

Зауыттың кадр бөлімінің басшысы Анастасия Имашева реформаны формальды процесс емес, ел дамуының тетігі деп атады.

Біз реформаны формальдылық ретінде емес, елдің дамуына арналған құрал ретінде көреміз. Жаңартылған Конституция құқықтық айқындықты күшейтіп, экономика мен бизнеске жаңа, түсінікті ережелер қалыптастырады, сондай-ақ өнеркәсіп пен жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз үшін бұл –  Қазақстанның тұрақты дамуына қосылған үлес, - деп атап өтті зауыттың кадр бөлімінің басшысы Анастасия Имашева.

Осылайша, кездесу еңбек ұжымдарының конституциялық өзгерістерді қоғамдық талқылауға белсенді қатысып отырғанын көрсетті. Кәсіпорын қызметкерлері реформаларды өнеркәсіптің ұзақ мерзімді дамуы, экономиканың тұрақтылығы және ел азаматтарының құқықтық кепілдіктерінің нығаюымен байланыстырады.

Наверх