Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Алло, сізге сыйлық жіберілген"...

19 Қыркүйек 2025, 21:10
534
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Ақтөбеде алаяқтар "Сізге сыйлық жіберілді" деген желеумен қоңырау шалып, тұрғындарды алдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алаяқтар өзін пошта қызметкері немесе полиция өкілі ретінде таныстырып, адамдардың атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, қаражатты "қауіпсіз" шотқа аударуға үгіттейді.

Кейінгі кезде алаяқтар "Сізге пошта арқылы сыйлық жіберді. Алу үшін телефоныңызға 1414 номерінен келген кодты айтыңыз" деп адамдарға қоңырау шалып жүр. Бірер уақыт өткен соң өзге номерден полиция қызметкері ретінде хабарласып, сізбен сөйлескен адамдар атыңызға несие рәсімдеп жатқанын, мұны тоқтату үшін қаражат керегін айтады және оны қауіпсіз шотқа аударуға кеңес береді. Бірде пошташы, бірде полиция қызметкері болып хабарласқандарға алданған ақтөбеліктер бар, - деп хабарлады Ақтөбе ПД баспасөз қызметі.

Мамандар ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодты, жеке деректерді немесе банк шотына қатысты ақпаратты бермеуге кеңес береді.

Есте сақтаңыз! Полиция немесе пошта қызметі ешқашан телефон арқылы ақша аударуды сұрамайды.

Еске салайық, бұған дейін алаяқтар "айыппұл төлеңіз" деп интернетте жаңа алдау тәсілдерін қолдана бастағаны туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы