Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде арақ, сыра және ликер сынды алкогольді ішімдіктер өндірісі өскен, сондай-ақ коньяк және шарап өндірісі керісінше қысқарған екен.
Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында еліміздің компаниялары арақ өндіруді жылына 23,8%-ға, 3,6 млн литрге дейін, сыра-5,4%-ға, 93,4 млн литрге дейін арттырған. Шарап өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға, 6,5 млн литрге дейін кеміген. Коньяк 1,7 миллион литр өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,2%-ға аз.
Коньяк өндірісі бойынша Алматы және Алматы облысы, арақ өндірісі бойынша Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары, жүзім шарабы бойынша Алматы және Жамбыл облыстары, сыра бойынша Алматы, Алматы және Қарағанды облыстары көш бастап тұр.
Тек ағымдағы жылдың қаңтар айында біздің ел 886,8 мың литр арақ пен ликер-арақ өнімдерін импорттаған, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,8 есе көп. Осы кезеңде сектордағы жеке өндіріс 2,9 млн литрді өндірді, ресурстардың 76,5%-ы, бір жыл бұрынғы 84,4% болған еді. Нәтижесінде ішкі нарықта сатылған осы спирттік сусындардың көлемі бір жылда бірден 82,9% - ға артып, 3,8 млн тоннаға жеткен.
Елдің коньякқа деген сұраныстың тек 58,2 пайызын қамтамасыз етікен, бір жыл бұрын 63,4% болған еді. Шарапқа деген сұранысты тек 38,6%-ға (жалпы шараптарға 72,4%-ға) қамтамасыз етті. Сонымен қатар сыра нарығын жергілікті сыра қайнатушылар 93,7% қамтып отыр.
Еnergyprom.kz сайтының мәліметінше, ағымдағы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша алкогольді сусындардың құны бір жылда 8,8%-ға және бір айда 1%-ға өсті. Оның ішінде бір жылдық динамика бойынша шараптың бағасы 9,2%-ға, арақ 8,9%-ға, сыра 8%-ға өскен екен.