Әлішер Ерғали әлемдік рейтингте үздік он балуанның қатарына кірді

Венгрияда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 15 Маусым 2024 2024, 07:35
15 Маусым 2024 2024, 07:35
995
Фото: olympic.kz

Венгрияда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жарыста топ жарған Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған, - деп жазды Olympic.kz.

Ал бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында.

Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда.

Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингте бірінші орында келеді.

Наверх