Әлімханұлы Канеломен айқас үшін басты арманын "тәрк етті"

Кеше, 12:10
451
Бөлісу:
Әлімханұлы Канеломен айқас үшін басты арманын "тәрк етті"
Фото: Vesti.kz

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады. Алайда 31 жастағы чемпион бір жекпе-жек үшін алға қойған мақсаттарынан бас тартуға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Кейінгі кезде қазақстандық боксшы екінші орта дивизионда жүрген Сауль "Канело" Альвареспен айқасқысы келетінін жиі айтып кетті.

Басты себеп орта салмақтағы "қорқақтар"

Бұған басты сепеп орта салмақ чемпиондарының ешқайсы Жәнібекпен жұдырықтасқысы келмейтіндігі. Әлімханұлының ойынша, Альварес үстемдік етіп тұрған суперорта дивизионға өту еш қауіпті емес. Өйткені қазақстандық ол салмақ үшін кішірек болса да, жекпе-жекте "Канелоға" ешқандай артықшылық көмектеспейді.

Жәнібектің басты арманы абсолют чемпион атану еді. Қазір онда екі белбеу бар болғанымен, керегі тағы осынша. Ал олар кубалық Эрисланди Лара (31-3, 19 KO) мен доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 КО).

Бірақ The Ring мәліметінше, Жәнібек үлкен гонорар мен зор мүмкіндіктер үшін абсолют атану арманынан бас тартуға дайын екен. Ал ол гонорар мен мүмкіндіктерді Канеломен айқас жылдам бере алады.

Бірақ мексикалық биылға барлық айқасын жоспарлап тастаған

Мексикалық жұлдызға Жәнібектің есімі таныс болмауы мүмкін. Қазір 34 жастағы Альварестің бар назары келесі қарсыласы - кубалық Уильям Скуллда (23-0, 9 КО). Ал одан кейін америкалық Теренс Кроуфордпен кездесуді ойластырып отыр. Сондықтан Жәнібекті елейтін жағдайда емес.

Өзгелердің жаңалығы