Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) WBA титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке қатысты сұраққа батыл жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.
"Жекпе-жекте кім жеңеді және қалай?", - деп сұрапты твиттерде RealDealBee нигімен тіркелген қолданушы.
Бұған жауап ретінде Жәнібек былай деп жазыпты: "Сұрақ дұрыс емес. Жәнібек бірінші раундтың қай секундында Лараны нокаутқа түсіреді деп сұрау керек!".