Әлімханұлы 26 нокауты бар канадалықпен айқас алдында көз арбасты

12 Мамыр 2023, 14:18
778
Бөлісу:
Әлімханұлы 26 нокауты бар канадалықпен айқас алдында көз арбасты
Фото: Vesti.kz

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) және канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Боксшылар соңғы ресми баспасөз мәслихатында кездесті. Енді, 14 мамыр Қазақстан уақытымен таңғысын боксшылар Калифорниядағы Сктоктон қаласында жекпе-жекке шығады.

Бұл кездесу 12 раундқа есептелген. Қазақстандық чемпион титулын екінші рет қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы