Елордада алименттік қарызы бар борышкерлердің көліктері тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Астана қаласы Әділет департаменті, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы Астана қаласы Полиция департаментімен бірлесіп "Борышкер" рейдтік шарасын өткізді.
Аталған рейдтік шара барысында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданды.
Нәтижесінде бүгінге дейін 857 160 теңге, 1 518 626 теңге, 2 483 773 теңге, 2 943 979 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 4 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды.
Жеке сот орындаушылармен аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізіледі. Алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен өндіріп алу бойынша рейдтік шаралар жалғасатын болады, - деді ведомстводан.