Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаттары мен заңгерлер еліміздегі алимент төлеушілерді тәртіпке шақырады. Себебі, кейінгі жылдары алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар қатары көбейген, деп хабарлайды Хабар 24.
Оқи отырыңыз:
Енді олар кірісін әдейі жасырып немесе төмендетіп көрсетсе, жұмыс беруші жауапқа тартылуы мүмкін.
Себебі, алимент төлеуші мен жұмыс беруші арасында келісім жасалады. Осындай әрекеттерге жол бермеу үшін жауапкершілікті күшейту керек, – дейді мамандар.
Жалпы басқа да заң актелеріне 30-дан астам өзгерту мен толықтыру енгізу де жоспарда бар.