Алимент төлемеген алматылық көлігінен айырылды

22 Мамыр 2022, 15:45
1318
Бөлісу:
Алимент төлемеген алматылық көлігінен айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда полиция балаларына бір миллионнан аса теңге қарыз ер адамның көлігін айып тұрағына қойды.

Ол балаларының алдындағы әкелік міндетін қасақана орындамамағаны үшін көптен іздеуде болған.

Chevrolet көлігі тізгініндегі ер адам алимент бойынша үлкен қарызы үшін іздеуде болған. Ұстау кезінде ер адам полиция мен сот орындаушыларына қандай да бір құжаттарды көрсетуден бас тартты, – деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Көлікті мөрлеп, арнайы айып тұрағына қойды.

Полиция алимент бойынша берешек толық өтелгенде ғана көлік иесіне қайтарылатынын айтып, түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы