Алик Шпекбаевтың қызметінен кеткені рас па?

29 Маусым 2020, 13:17
3560
Бөлісу:
Алик Шпекбаевтың қызметінен кеткені рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев отставкаға кетті деген ақпарат тарады.

Бұл хабарды Премьер-министр Асқар Маминнің штаттан тыс кеңесшісі, Telegram желісінің белсіндісі Ербол Еділов таратқан болатын.

Бірнеше дереккөздің мәліметі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнеткерлік жасына жеткеніне байланысты өз еркімен отставкаға кету жайлы өтініш жазған. Оның бұл өтінішіне байланысты шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды, - деп жазды Еділов.

Бірақ агенттіктіктің баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр.

Айта кетейік, Алик Шпекбаев 2020 жылдың 4 шілдесінде зейнеткерлік жасқа толады.

Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Отбасылы, екі ұлы және қызы бар.

1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін бітірді. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген.

2003-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі болған. 2014-2015 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдан бері агенттіктің төрағасы болды. 2019 жылдың 14 маусымынан бастап, екіге бөлінген агенттіктің біреуі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы