Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңірде Үкімет басшысы бірқатар өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және туристік нысандардың жұмысымен танысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді, - делінген хабарламада.