Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет жұмысының бағыттарымен таныстырды.
Экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың жұмысын жақсарту Үкімет үшін басым міндеттер болады. Үкімет Президенттің Жолдауларын, бастап жатқан реформаларын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жұмыстарын жүргізетін болады. Тиімді макроэкономикалық саясатты іске асыру жаһандық өзгерістердің әсерінен ұшыраған инфляцияны біртіндеп төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып табылады, – деді Премьер-министр.