Әлихан Смайылов қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

2 Сәуір 2022, 11:35
1257
Бөлісу:
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Рамазан айымен барша мұсылманды құттықтады.

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Рамазан – біздің халқымызға тән қайырымдылық, адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды нығайта түсетін рақым айы. Берекелі ай бүкіл қоғамның мерейін асырып, ынтымақ пен ауызбіршілікке, игілікті істерге үндейді. Шынайы ниетпен ұстаған оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз бен тілектеріңізді қабыл етсін. Ел іргесі қашанда берік, жұртымыз тыныш болсын, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы