Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Талдықорған қаласына барып, Жетісу облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.
Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің Жетісу облысының әкімі лауазымына Бейбіт Исабаев пен Бағдат Қарасаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.
Ашық дауыс беруге 141 депутат қатысты. 106 депутат Бейбіт Исабаевтың кандидатурасына, 35 депутат Бағдат Қарасаевқа дауыс берді.