Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы көпшіліктің сұрақтарына жауап бері.
Бұған дейін әлеуметтік желіде келіп түскен сұрақтарға мүмкіндігінше жауап беріп отырамын деп уәде еткен едім. Сауалдар қарасы өте көп. Көпшілікті толғандыратын өзекті мәселелер де жеткілікті екен. Осы уақытқа дейін 4 мыңдай сауал келіп түскен. Оның мыңға жуығы адамдардың жеке проблемаларына қатысты сұрақтар мен өтініштер. Бәріне бірдей бір мезетте жауап беру мүмкін емес, әрине. Алдағы уақытта тікелей өзім және тиісті органдар арқылы да кері байланыс орнататын боламыз, – деп жазды Үкімет басшысы.
Ол сондай-ақ әзірге негізінен көпшілікті мазалаған түйткілді мәселелерді топтастырып, жауап бергенін айтты.
Көпті толғандырған сұрақтар Үкіметтің Telegram-каналында жарияланды.