Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда 2021 жылы және 2022 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды орындау қорытындылары қаралды.
Баяндама жасаған ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров өткен жылдың қорытындысы бойынша НКИ тарту жоспарларын орындауда Шымкент қаласы (жоспардан 115% – 462,1 млрд тг), Ақтөбе облысы (жоспардан 101,8% – 815,6 млрд тг) және Қостанай облысы (жоспардан 101,3% – 416,2 млрд тг) көш бастағанын мәлімдеді.
Аталған көрсеткіш бойынша СҚО, БҚО және Қызылорда облыстары – аутсайдерлер қатарында. Мемлекеттік органдар арасында АШМ, ИИДМ және ЦДИАӨМ көш басында тұр.
Жоспар МСМ-де және ДСМ де орындалмаған.
Әлихан Смайылов жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тек тәуекелдерді ғана емес, сондай-ақ дамуға да мүмкіндіктер ұсынатынын, сондықтан барлық өңірлер мен мемлекеттік органдардың басшылығы осы бағытта жұмысты жандандыруы қажет екенін атап өтті.