Бұл Үкімет басшысының Әзербайжанға ресми сапарындағы қорытынды шара болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мәдени орталық қазіргі Баку қаласы символдарының бірі болып саналады, оның ауданы 57 мың м² асады. Ғимарат жобасында түзу сызықтар пайдаланылмаған, оның пішіні тулаған теңіз толқыны тәріздес салынған.
Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысына арналған музейде Гейдар Әлиевтің өмір жолы фото және бейнематериалдар арқылы баяндалған. Музей бөлімдерінің бірі – мультимедиялық залда оның әлем елдері көшбасшылармен кездесулері көрсетілген.
Орталықтың музейден басқа да көрме залдарында республиканың бірегей экспонаттары, тарихи ғимараттардың макеттері, көрікті жерлердің суреттері, табиғи және сәулет ескерткіштері және тағы басқа жәдігерлер қойылған.