Әлихан Смайылов: Алдымызда тұрған ең маңызды мәселенің бірі – макроэкономикалық тұрақтылық

21 Қаңтар 2022, 19:47
1822
Бөлісу:
Әлихан Смайылов: Алдымызда тұрған ең маңызды мәселенің бірі – макроэкономикалық тұрақтылық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет ірі бизнес өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс істеуге қашан да дайын. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ірі кәсіпкерліктің Қазақстан экономикасындағы үлесі 48 пайызды құрайды. Сондықтан осы бизнес сегментінің жауапкершілігі де өте зор. Үкімет бизнестің, оның ішінде ірі бизнестің де дамуына қолайлы жағдай жасау үшін тиісті шараларды қабылдайды. Қазіргі таңда жаһанды жайлаған дағдарыстан кейінгі біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселенің бірі – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, - деді ол. 

Премьер-министр Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен саясаты осы мақсатқа бағытталатындығын баса айтты. 

Бұл ретте, ең күрделі мәселенің бірі – ол инфляция деңгейін төмендету, - деді Әлихан Смайылов. 

Ол Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет тиісті жедел шаралармен бірге, жүйелі шараларды да іске асыратынын атап өтті. 

Бірінші кезекте, бұл – ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, азық-түлікпен ішкі нарықты толықтыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мезгіларалық кезеңде инфляция қысымы мен сыртқы факторлардың әсерін төмендету үшін тиісті логистика жүйесін құру өте маңызды. Ірі кәсіпкерлерді осы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Үкімет ірі бизнес өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс істеуге қашан да дайын екенін айтқым келеді, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы