Әлихан Смайылов АХҚО Сотының төрағасымен кездесті

13 Маусым 2022, 18:46
1194
Бөлісу:
Әлихан Смайылов АХҚО Сотының төрағасымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының төрағасы Лорд Манспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Үкімет басшысы Қазақстанның қаржы секторын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

АХҚО – инвесторлар үшін қолайлы орта құру, бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялау арқылы экономикаға инвестициялар тартатын орталық, — деді Әлихан Смайлов.

Премьер-министр АХҚО құрамына кіретін Сот пен Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) инвесторлар сенімін нығайтуда, құқықтық дауларды шешу кезінде бейтараптылыққа кепілдік беруде маңызды рөл атқаратынын айтып өтті.

Өз кезегінде Лорд Манс АХҚО Соты мен ХТО-ның Еуразиядағы коммерциялық дауларды шешу үшін бірінші кезекте таңдалатынын айтты.

Біз бүкіл әлемде құрметке ие заң үстемдігін, сот төрелігін және жалпы құқықты белсенді түрде ілгерілете отырып, Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың дамуына елеулі үлес қосамыз, — деді Лорд Манс.

Қазіргі уақытта АХҚО Соты және ХТО 1 091 істі қарады, оның ішінде 36 сот шешімі шығарылып, сайтта жарияланды және 1 055 төрелік және медиативтік іс ХТО-да қаралды.

Кездесу барысында тараптар АХҚО Сотының қазіргі қызметі мен алдағы жоспарларын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы