Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалып, Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Оқи отырыңыз: