Алғыс айту күні – ауыртпашылықты бірге еңсерген азаматтардың бір-біріне құрметі

22 Ақпан 2021, 17:48
2723
Бөлісу:
Алғыс айту күні – ауыртпашылықты бірге еңсерген азаматтардың бір-біріне құрметі
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түрікмен этносының өкілі Атамұрат Мердан 1 наурыз – Алғыс айту күнін ерекше құрметтейтінін айтты.

Атамұрат Мердан ұлты түрікмен болса да, күрестен елішілік және халықаралық жарыстарда Қазақ еліне талай мәрте жеңіс сыйлаған спортшы. 

Ол «Республикалық спорт колледжі» РМҚК-ны тәмамдағаннан кейін Қазақ спорт және туризм академиясына түседі. 

Бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп, қоғамдық қызмет атқарып келеді. Қайырымдылықпен де жиі айналысады. Атамұрат Мердан 1 наурыз – Алғыс айту күнін ерекше құрметтейтінін айтты. 

Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Осыған орай алда келе жатқан Алғыс айту күнімен барша отандасымды шын жүректен құттықтаймын, - дейді ол.


Айта кету керек, 2011 жылы академияны аяқтаған соң, Атамұрат Мердан Жаңаарқа қаласына қайта оралып, әкесінің ісін жалғастырады. Ол Жаңаарқада заманауи инфрақұрылымы бар автовокзал салады. Автовокзал маңында жолаушыларға қажетті қызметтің бәрі бар.

Өзгелердің жаңалығы