Алғыс айту – достық пен бейбітшіліктің кепілі – Дмитрий Бастер

1 Наурыз 2024, 15:36
797
Бөлісу:
Алғыс айту – достық пен бейбітшіліктің кепілі – Дмитрий Бастер
Фото: Кейіпкердің мұрағатынан

Астана қаласының 3656 әскери бөлімінің командирі полковник Дмитрий Бастер, қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полковник Дмитрий Бастердің айтуынша, жастар өз елінің тарихын білуі керек. 

Бұл мереке қасиетті қазақ жеріне деген ризашылығын білдіретін күн. Алғыс айту – достықтың, бейбітшіліктің кепілі, барлық адамзат баласына құрмет көрсетіп, ұлтаралық, этносаралық қатынастарды нығайту. Атаулы күнді біздің Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де өз тараптарынан жылы қабылдады. Ынтымақтастық пен өзара көмектің жалпы адамгершілік құндылықтары әрқашан бізді біріктіреді және болашақ ұрпақ үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Қазіргі өскелең ұрпақ, әсіресе жастар, өз елінің тарихын білуі және есте сақтауы керек. Әрқайсымыздың кеудемізде Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы екенімізге мақтаныш сезімі болуы керек. Баршаңызды керемет мереке – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына бақыт, бейбітшілік пен амандық тілеймін!, - деді полковник Дмитрий Бастер.

Өзгелердің жаңалығы