Алғаш рет ауқымды "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы әзірленуде

Елімізде алғаш рет ауқымды "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы әзірленуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Артём Чурсинов  - архив 30 Мамыр 2025 2025, 14:12
30 Мамыр 2025 2025, 14:12
902
Фото: - архив

Елімізде алғаш рет ауқымды "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы әзірленуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы шеңберінде елімізде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіретін "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасын жасақтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Балаларды қорғау күніне орайластырылған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

​Аталған бағыттағы жұмыс Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуымен жүргізілуде.

​Бұл мемлекеттің, ата-аналардың, педагогтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ өкілдерінің күш-жігерін біріктіретін Қазақстандағы алғашқы кешенді бағдарлама болады. Қазір біз балалық шақты қорғау саласында жасалған барлық істерді - нормативтік құжаттардан бастап нақты жағдайларға дейін - ненің тиімді екенін және қай тұстарын қайта қарауды қажет ететінін түсіну үшін мұқият талдап жатырмыз. Сондай-ақ статистиканы зерттейміз, себебі әрбір санның артында баланың тағдыры тұр, - деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

​"Қазақстан балалары" бағдарламасы өскелең ұрпақ мүддесіне бағытталған тұрақты және дәйекті мемлекеттік саясаттың негізіне айналады. Оны іске асыру елдегі әрбір баланың құқықтары мен дамуын жүйелі қорғау үшін берік іргетас қалайды.

Наверх