"Алға" фильмі Ирандағы спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды

Иранда өткен 14-ші халықаралық спорттық фильмдер фестивалі Қазақстан кинематографиясы үшін маңызды оқиға болды. Айтулы шарада "Алға" фильмі екі марапатқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 Желтоқсан 2024 2024, 19:45
АВТОР
 Мәдениет және ақпарат министрлігі 11 Желтоқсан 2024 2024, 19:45
11 Желтоқсан 2024 2024, 19:45
777
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Иранда өткен 14-ші халықаралық спорттық фильмдер фестивалі Қазақстан кинематографиясы үшін маңызды оқиға болды. Айтулы шарада "Алға" фильмі екі марапатқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Екінші пландағы үздік ер адам рөл" жүлдесін Ерік Жолжақсынов алса, "Үздік режиссер" номинациясында Ернар Нұрғалиев жеңімпаз деп танылды.

"Алға" – әкелерінің қазасынан соң қылмысқа бет бұрған ағайындылар жайлы фильм. Алайда олардың ауылына талантты жастарды іріктеу үшін жеңіл атлетикадан жаттықтырушы келіп, өмірлеріне өзгеріс әкеледі. Ағайындылардың бірі марафондық жүгіруден әлем чемпионымен бәсекеге түседі.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілді. Фильмнің продюсері – Максим Акбаров, режиссері – Ернар Нұрғалиев.

Наверх