Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлеуметтік желідегі дүрбелең: Алматы мектептерінде теракт жасалатыны хабарланды

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы бірқатар мектепте террористік актілер жасалуы мүмкін деген жалған хабарламалар тарады. Алайда полиция бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, білім беру ұйымдарындағы жағдай толық бақылауда. Құқық қорғау органдары мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Қазіргі уақытта фейк хабарламаның авторы мен тарату көзі анықталуда. Оған қатысы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады қалалық ПД.

Әлеуметтік желідегі дүрбелең: Алматы мектептерінде теракт жасалатыны хабарланды

Полиция тұрғындарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырды.

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты әдейі жалған ақпарат тарату – аса ауыр құқықбұзушылық және ол заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады. Тексерілмеген мәліметтерді таратпауды және қайта жолдамауды сұраймыз, - делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми түсіндірмесінде.

Өзгелердің жаңалығы