Әлеуметтік желі арқылы елді алдаған алаяқ ұсталды

21 Шілде 2021, 07:23
9099
Бөлісу:
Әлеуметтік желі арқылы елді алдаған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция астанада 55 тұрғынды алдап кеткен 21 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Ол спорттық жарыста бәске ақша тігіп, жылдам баюдың жолын ұсынған.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті хабарлады.

Жас жігіт Instagram-да спорттық жарысқа бәске ақша тігіп, 100% ұтысқа ие болу туралы хабарлама жариялаған. Алаяқ елді ақша тігуге көндіріп, олардан электронды әмиянына ақша жіберуін сұраған. Бәске түскен пайданы тәулік ішінде жіберуге уәде беріп, ақшаны алған соң, алданған азаматтардың байланыс нөмірлерін бұғаттап тастаған. Тергеу барысында алаяқтың ұтыс тігуге еш қатысы жоқтығы және жұрттан түскен ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Жедел іздестіру нәтижесінде алаяқ ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ол келтірген шығынның көлемі 3 500 000 теңге болды, – деді Полиция департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы