Әлеуметтік зерттеу: Ауыл әйелдерінің бизнес ашудағы әлеуеті

18 Ақпан 2022, 10:27
1465
Бөлісу:
Әлеуметтік зерттеу: Ауыл әйелдерінің бизнес ашудағы әлеуеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго "Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі – қолдау бағыттарын анықтау және кедергілерді еңсеру" дөңгелек үстелі барысында айтты.

Қазақстанның 14 өңірінде мыңнан астам ауыл әйелі қатысқан сауалнама елдегі ауылдық кәсіпкерліктің кең әлеуетінің бар екенін көрсетті: әйелдердің үштен бір бөлігі өз ісін бастағысы келеді.Зерттеу көрсеткендей, респонденттердің 30,6% – ы шағын бизнеспен айналысады, 11,2% - ы өз ісін алдағы 3 жылда, ал 20,4% - ы болашақта ашуға ниетті. Мұндай сандар әйелдер ауыл шаруашылығының 31,6% - ға қосымша әлеуетінің болуын болжауға негіз береді. Бұл ретте респонденттердің 5% – ы кәсіпкерліктің сәтсіз тәжірибесін көрсеткен және оны қайталауға ниетті емес, 24% - ы бизнес олардың жолы емес, 9% - ы жауап беруге қиналады деп санайды, - деді Ожго. 

Өзгелердің жаңалығы