Әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданып жатыр- Үкімет басшысы

31 Тамыз 2023, 12:03
1033
Бөлісу:
Әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданып жатыр- Үкімет басшысы
Фото: BAQ.KZ - Архив

Бұл туралы премьер-министр «АМАНАТ» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданды. Жаңа Әлеуметтік кодекс еңгізілді. Ол азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді,- деді  Үкімет басшысы.

Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды.

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады. 1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сыныптағы балалары тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі,- деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілгендігін айтып өтті.

Осылайша, мемлекет осы санаттағы балалардың мектепке дейінгі білім беру шығыстарын өз мойнына алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ке артты. 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын саралап арттыру жүргізілді,- деді  Үкімет басшысы

Бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасы бойынша шығыстар 3 трлн теңгеден асады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бектілді. Осыған байланысты зейнетақыға арналған шығыстар 800 млрд. теңгеден астам қосымша соманы құрайды. Ағымдағы жылы азаматтарға өз зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілді. Салымшылар зейнетақы жинақтары сомасының 50%-ін өздері таңдаған жеке басқарушы компанияларға бере алады. Бұдан басқа, 1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдаланды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Үкімет Отбасының цифрлық картасын енгізді. 500 мыңнан астам қазақстандыққа проактивті әлеуметтік қолдау көрсетілді,- деді  Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы