Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі

6 Қараша 2024, 10:33
292
Бөлісу:
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі
Фото: архив

Жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр Мәжілісте осы мәселеге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік мектептерде оқитын ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары) санатындағы 500 мыңнан астам балаға жалпыға міндетті білім беру шеңберінде тамақтанумен қамтамасыз ету және киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі. Алайда жекеменшік мектептерде оқитын ХӘОТ санатындағы 25 мыңнан астам бала әлеуметтік көмек ала алмай келеді, - деді Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрінің сөзінше, меншік нысанына қарамастан ХӘОТ санатындағы барлық балаға тең көмек көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы