Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2,1 млрд теңге ұрланған

13 Қараша 2023, 09:51
742
Бөлісу:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2,1 млрд теңге  ұрланған
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы облысында аурухана басшысы мен есепшісі 2,1 млрд теңгеден аса соманы жымқырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған.

ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде. Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілді. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған, - делінген хабарламада.

Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы