Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомство басшысының сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында нормативтік құқықтық базаға өзгерістер енгізіліп жатыр.
Бұған дейін тұрғындардан диагноз қою үшін клиникалық-диагностикалық тексерулер алу тұрғысында медициналық көмектің шектеулілігіне байланысты көптеген шағымдар түскен болатын.
Енді әлеуметтік мәні бар ауруға күдігі бар адамдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес диагностикалық зерттеулерге тегін қол жеткізе алады, - деді министр.