Бүгін Президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында әлеуметтік көмек мәселесі де айтылды. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова аталған тақырыпқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың айтуынша, әлеуметтік көмек тек мұқтаждықты жеңілдетумен, әр азаматты еңбекке, жауапкершілікке және өз қабілеттерін дамытуға ынталандыруы тиіс.
Әділдік пен нақтылық – негізгі қағида. Әлеуметтік қолдау тек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуі керек. Ол үшін цифрлық технологияларды пайдаланып, көмек алушыларды мұқият сараптап, адрестік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру қажет. Бұл әділеттілік қағидасын қамтамасыз етіп, шынайы мұқтаж жандардың құқығын сақтайды. Еңбекке ынталандыру – табысты қоғам кепілі. Азаматтарды тек көмек алушы ретінде емес, еңбек етуге қабілетті тұлға ретінде қолдау бағдарламаларын қабылдау өзекті. Әлеуметтік көмекпен қатар, жұмысқа орналасу курстары мен оқыту бағдарламаларын ұсыну – әрбір адамға өз отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ашықтық пен қоғамдық бақылау. Әлеуметтік көмек жүйесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылауды күшейту қажет,-дейді депутат.
Бұл тек көмекке мұқтаж жандардың құқықтарын сақтап қана қоймай, жалпы қоғамның сенімін арттырады.