Әлеуметтік инспекторлар 9 айда 875 ұйғарым шығарды

30 Қазан 2023, 14:54
686
Бөлісу:
Әлеуметтік инспекторлар 9 айда 875 ұйғарым шығарды
Фото: Еңбекмині баспасөз қызметі

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 630-дан астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбекминінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 639 тексеру жүргізіп, оның 292-сі профилактикалық бақылау шеңберінде, 347-cі жоспардан тыс тексерулер болды.

Мемлекеттік бақылаумен: 174 мектеп, колледждер мен балабақшалар, 115 жергілікті атқарушы органдардың облыстық және аудандық бөлімдері, 76 басқарма және жұмыспен қамту бөлімдері, 24 дүкен, 22 сауда орталығы, 45 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 70 емхана, аурухана мен дәріханалар, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 банк, 4 Қазпошта бөлімшесі, 4 ЖШС, 4 спорт ұйымы, 12 санаторий, 5 кафе, 2 шаштараз және т.б. қамтылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қаласы тұрғынының (1-топтағы мүгедектігі бар адам) өтініші негізінде «Санаторий Grand LES» ЖШС, «Арман санаторийі» АҚ, «Sanatoriya «Nur-Asyl» ЖШС санаторийлерінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді. Сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін профилактикалық бақылау барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 9 айында 1 268 тексеру жүргізді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы 875 ұйғарым берілді. Жалпы сомасы 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салды.

Өзгелердің жаңалығы