Қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласында мемқызмет көрсету сапасын бағалады

10 Қаңтар 2020, 14:18
2372
Бөлісу:
Қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласында мемқызмет көрсету сапасын бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша 2019 жылғы тамыз айынан желтоқсан айына дейін әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Сауалнамаға барлығы 9 мыңға жуық респондент қатысты, оның ішінде азаматтар, қызмет көрсетушілердің қызметкерлері, ҮЕҰ және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері. Зерттеу Қазақстанның барлық 17 өңірін қамтыды.

Көрсетілетін қызметті алушыларға жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін қызметтер сапасын бағалаудың орташа балы анықталды, ол 4,27 балды және 5 ықтимал, ал министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 73,5%-ға тең.

Сонымен қатар, азаматтардың ескертулері мен қанағаттанарлықсыз бағалары бар қызметтер бойынша министрлік оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасады.

Біз үшін тек қызмет көрсету ғана емес, сондай-ақ проблемалы орындардың қайда екенін, осы қызметтерді көрсету сапасын қалай арттыру керектігін түсіну маңызды. Сонымен қатар, біздің трекингте қызмет көрсету кезеңін көру ғана емес, олардың тікелей алушыларынан, азаматтарынан кері байланыс алу. Бұл жерде олар ыңғайсыздықтың не екенін, немесе керісінше, қандай қызметтер неғұрлым сапалы көрсетілетінін айтып бере алады, - деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, жұмыспен қамту, ана болу, зейнетақы кепілдіктері, әлеуметтік сақтандыру және көмек саласында 40 қызмет көрсетеді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерімен толығырақ www.enbek.gov.kz сайтында танысуға болады және бірыңғай байланыс орталығының 1411 телефоны бойынша алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы