Еліміз бойынша 700-ден астам медициналық ұйым «әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық түрде беру жобасына қатысуда.
Осы жобаның шеңберінде 561 936 мың рецепттің негізінде препараттар берілді.
Осы және басқа да нысаналы индикаторлар ағымдағы жылдың 9 айында ҚР Ұлттық даму жоспарына сәйкес 2029 жылға дейінгі негізгі мақсаттарды орындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі алқасының отырысында талқыланды.
Бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев баяндама жасап, онда оларға қол жеткізу көрсеткіштері мен іс-шаралары бойынша қауіптермен бөлісті, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қабылдау керектігін көрсетті.
Күн тәртібінде не қызықты болды?
- Министрлік БҰҰ-ның «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тұрақты дамуының үшінші мақсатын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылы ДДҰ бағалауы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулармен күресте «күрделі проблеманы» шешуге баса назар аудара отырып, 66-шы орында (166 елдің ішінен) тұр.
- 2025-2027 жылдарға арналған бүкіл халық арасында суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық кешенді жоспарды әзірлеу және бекіту жоспарлануда.
- Жастар денсаулық орталықтарының (ЖДО) қызметін жетілдіру, оның ішінде ауыл жастары үшін ЖДО қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру қажет, өйткені жастардың тек 6,8%-ы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларымен қамтылған.
- Ағымдағы жылы ҚР бойынша инсульттан стационарлық өлім 12%-ға төмендеп, 11,8% -ы құрады.
- Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нәресте өлімінің көрсеткіші 1,9%-ға төмендеп, 7,24-ті құрады.
- Елдегі ана өлімі бойынша жағдай тұрақтанды, көрсеткіштің 27%-ға, 100 мың тірі туғанға шаққанда 12,5-тен 9,1-ге дейін төмендеуі байқалады. Бұл көрсеткіш қатарынан 4 жылға жеткен жоқ.
- Ұлттық күнтізбеге сәйкес иммундаумен қамтылған халықтың нысаналы тобын жалпы қамту республика бойынша 72,7% -ды құрады.
Тимур Сұлтанғазиев атап өткендей, 2024 жылға арналған даму жоспарының орындалу қаупін бағалау үшін жүргізілген талдауға сәйкес барлық өңірлерде 7-ден 12-ге дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізілмеу байқалады.