Әлемнің жартысын біріктірген сегіздік. ШЫҰ-ға елдер неліктен қосылғысы келеді

14 Маусым 2019, 15:24
2637
Бөлісу:
Әлемнің жартысын біріктірген сегіздік. ШЫҰ-ға елдер неліктен қосылғысы келеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр. 2004 жылы ШЫҰ Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан құрған болатын. Бір жарым онжылдықтан кейін Үндістан мен Пәкістан қосылды. Байқаушы-мемлекеттер мәртебесі Ауғанстанда, Белорусь, Иран, Моңғолияда бар. Бүгін әлем тұрғындарының жартысын біріктірген ұйым туралы айтып береміз.

«ШЫҰ отбасы» дегеніміз не?

ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте 13-14 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр.

БҰҰ бұрынғы басшысы Пан Ги Мун ШЫҰ-ны еуразиялық құрлықта жетекші ұйым деп есептейді. Бұл – интеграциялық емес, әскери емес, қатаң экономикалық емес одақ. Еуропалық кеңес ШЫҰ-ны президенттер клубы деп атайды. ШЫҰ – расында халықаралық маңызды ұйым, халықаралық қауіпсіздіктегі маңызды фактор.

ШЫҰ сегіздігі – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан. Диалог бойынша серіктеcтік ретінде әзірге Әзербайжан, Армения, Түркия, Камбоджа, Непал, Шри-Ланка бар. Сонымен қатар Израиль, Сирия, Ирак, Сауд Арабиясы өтінім жіберді. Барлық 18 ел түрлі статусымен «ШЫҰ отбасын» құрайды.

Айта кету керек, «отбасында» бір-біріне достық қарым-қатынаста деп кейбір елді айту қиын. Мысалға, Әзербайжан мен Армения, Үндістан мен Пәкістан. ШЫҰ ресми тілдері – орыс және қытай, кейде қажеттілік болғанда ағылшын тілінде сөйлеседі. 

Былтырғы Циндаода өткен саммитті неліктен тарихи деп атайды?

2018 жылы Циндаода (Қытай) азиялық екі әлеуетті мемлекет – Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ кіру процесін тәмамдады. Содан соң ұйымға планета тұрғындарының жартысы кіретін болды. ШЫҰ елдері – Еуразияның үлкен бөлігі.

ШЫҰ үшін дәстүрлі тақырыптар – қауіпсіздік және экономика, терроризм және есірткі сатумен күрес. Бірақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бішкекте АҚШ-пен сауда «соғысын», сонымен қатар терроризммен күресте өзара әрекет етуді талқылауды көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы