Әлемнің 35 университетінен шақырту алған қазақ баласы: Отбасыммен ақылдасып, таңдау жасадым

20 Мамыр 2022, 15:58
3228
Бөлісу:
Әлемнің 35 университетінен шақырту алған қазақ баласы: Отбасыммен ақылдасып, таңдау жасадым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Мирас Сейілхан республикалық телеарнаға берген  сұхбатында айтты.

Менің құпиям – жақсы ортаның табылуы мен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Жетістікке жеткен әр баланың артында ата-ана тұр деп есептеймін. 7-сыныпта мені ата-анам сол жақтағы Кембридж, Оксфорд университетін көріп қайтуға Англияға жіберді. Оксфордта отырып, өзіме «осындай университетте білім алғым келеді» деген  мақсат қойдым. Араға бес жыл салып әлемнің 35 университетінен шақырту алып отырмын, - деді Сейілхан.

Ол әке-шешесімен, отбасымен ақылдаса отырып таңдау жасағанын айтты. 

Нью-Йорк қаласындағы Итака колледжіне таңдауым түсті. Алдағы 4 жыл сол жерден оқып шықсам деп ниеттеніп отырмын. Мен бұл университеттерден шақырту алуымның себебі - шетелдік оқу орындарындағы көп фактордың болуы. Біздің елде басты фактор – ҰБТ тапсыру.  Эссе жазуыма үш айдай уақыт кетті. Мен Ilets, Duolingo, SAT тестерін тапсырдым. SAT -Американың ҰБТ сияқты сынағы. Осы тестілеудің нәтижесі бойынша сол жақтағы университеттерден шақырту алдым, - деді ол. 

Айта кетейік, Мирас Сейілхан  халықаралық IELTS — 8,0 және Duolingo — 135 балл жинап, сынақтардан сүрінбей өткен және 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған.

Өзгелердің жаңалығы