Әлемге әйгілі миллиардер Францияда қамауға алынды

25 Тамыз 2024, 07:10
2278
Бөлісу:
Әлемге әйгілі миллиардер Францияда қамауға алынды
Фото: X/visegrad24

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

LCI телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Дуров Ле-Бурже әуежайында ұсталған. Бизнесмен ол жерге Әзірбайжаннан оралған. Оның жанында сүйіктісі мен оққағары болған.

Қолға түсу себебі әлі нақтылануда.

Ал TF1 француздық телеарнасы елдің құқық қорғау органдары Дуровты «есірткі айналымы, балаларға қарсы және алаяқтың қылмыстарына» қатысы бар деген күдікке ілінгенін айтқан.

Қамауға алу туралы ордерді Францияның ұлттық сот полициясы басқармасы алдын ала тергеу негізінде берген. Оған 20 жылға дейін түрмеге қамалу қаупі төніп тұр.

Өзгелердің жаңалығы