Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми аккаунттары таныстырылды

10 Тамыз 2022, 15:59
1749
Бөлісу:
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми аккаунттары таныстырылды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге дайындық қарқынды түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің баршаға белгілі Facebook, Instagram, Twitter, Telegram әлеуметтік желілерінде іске қосылған ресми аккаунттары таныстырылды.

Тілек білдірушілердің бәрі Хатшылықтың және Съездің отырыстарын дайындау және өткізу барысындағы аса маңызды жаңалықтар және оқиғалармен танысу үшін форумның ресми сайты мен ресми парақтарында жаңарған ақпараттарды көре алады.

Біздің сайт пен әлеуметтік желілер ең сенімді ақпарат көзі болып табылады, осыған байланысты оқырмандарды тек мұқият тексерілген ресми деректерге сенуге шақырамыз. Сіздер Съезд парақтарында жеке хабарлама мен жарияланым астындағы түсініктемелерде өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыздар, - деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова.

Төменде съездің сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақтарына сілтемелер беріліп отыр.

Ресми сайт - https://religions-congress.org/

Facebook - https://www.facebook.com/religionscongresskz2022

 Instagram - https://instagram.com/religions_congress_kz

 Twitter - https://twitter.com/religionscongkz/

 Telegram - https://t.me/religionscongresskz

Ағымдағы жылдың 14-15 қыркүйегінде Қазақстан астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Алдағы форум адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының рөліне арналады.

Өзгелердің жаңалығы