Әлемдік рейтинг: Қазақстан ауыл шаруашылығы көлемі бойынша қай орында? 

Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша әлемде алтыншы орынға шықты. Бұл елдің аграрлық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

 АШМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 16:01
Бүгiн 2026, 16:01
244
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Әлемдік рейтингте алғашқы орындарды Қытай, АҚШ және Австралия иеленіп отыр. Қазақстан бұл тізімде Ресейден кейін орналасқан.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша көшбасшы елдер:
– Қытай – 5,2 млн шаршы шақырымнан астам
– АҚШ – 4,2 млн шаршы шақырым
– Австралия – 3,6 млн шаршы шақырым
– Бразилия – 2,3 млн шаршы шақырым
– Ресей – 2,1 млн шаршы шақырым
– Қазақстан – 2,14 млн шаршы шақырым
– Үндістан – 1,78 млн шаршы шақырым

Әр елдің аграрлық бағыты әртүрлі. Мәселен, АҚШ жүгері өндіруден әлемде бірінші орында болса, Бразилия соя мен қант қамысын өндіруде көш бастап тұр. Австралия бидай және астық дақылдарын өндірумен танымал.

Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығы құрылымы біртіндеп өзгеріп келеді. Елде бидай егістігінің көлемі қысқарып, жоғары табыс әкелетін дақылдардың үлесі артып жатыр.

Биыл Қазақстандағы жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, басымдық жоғары рентабельді дақылдарға берілген.

Жоғары табысты дақылдардың егіс көлемі ұлғаяды. Атап айтқанда, майлы дақылдар 55 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 242 мың гектарға, арпа 94 мың гектарға, ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп алқабы 10,3 мың гектарға көбейеді. Ал бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарға жетпек, – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгерістер ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге бағытталған.

 

Наверх