Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХVІІІ отырысы өтіп жатыр.
Жиынды Дариға Назарбаева ашты.
«Осы күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1-ші съезі өткен кезден бері 16 жыл өтіп отыр. Сол сәтте қонақжай қазақ жері алғаш рет бейбітшіл, достық пейілді және жемісті конфессияаралық диалогты жүргізу үшін ашық алаңға айналған болатын. Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу идеясының авторы болды. Өткен жылдары Қазақстанның орасан зор ядролық қару арсеналынан бас тартуына бастамашы болған, бүкіл әлем мойындаған бітімгер, тәуелсіздік жылдары ішінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегіне айналған елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын ең ірі әлемдік діндер мен конфессиялардың басшылары қолдады. Оның конфессияаралық ашық диалог өткізу туралы идеясын сол сәтте барша әлем қызу қолдады. Содан бері Қазақстанның Тұңғыш президентінің стратегиялық салмақты әрі көреген бастамасы өзінің өзектілігін жоғалтқан емес», - деді Дариға Назарбаева алғы сөзінде.
Сенат төрағасының айтуынша, бүгінгі күні ірі әлемдік конфессия басшыларының Еуразия кіндігінде кездесуі ізгі дәстүрге айналды.