Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық бейбітшілік орталығының бұрынғы вице-президенті Ангела Кейн «Астана клубының» алтыншы отырысының сессиясында айтты.
Ол атағандай, жаһандық көшбасшылардың қабылдайтын шешімдері бүкіл әлемнің болашағын негіздейді.Ұжымдық қауіпсіздік – жаһандық мәселе. Біз өз пікірталастарымызда көп тарапты ынтымақтастық мәселесіне қайта ораламыз. Ынтымақтастық әлі де мүмкін дүние және оны жүзеге асыру керек. Әлемдік қауіпсіздікті қамту жүйесі құлдырап кетті, – деді Ангела Кейн.
Айта кетейік, бұл сессияда әлемдік жүйедегі өзгерістерге байланысты қауіпсіздіктің жаһандық архитектурасының қазіргі күйі сөз болды. Соңғы жылдары қақтығыстарға қатысты күн тәртібі сақталып келеді. Ұжымдық іс-әрекет орнына әлемдік державалардың біржақты қимылы жиі байқалады.