Әлемдік діндер съезі адамдарды сыйластық рухына тәрбиелеуге үлес қосты – Назарбаева

18 Қыркүйек 2019, 11:22
3698
Бөлісу:
Әлемдік діндер съезі адамдарды сыйластық рухына тәрбиелеуге үлес қосты – Назарбаева
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХVІІІ отырысы өтіп жатыр. 

Жиында Дариға Назарбаева сөз сөйледі.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жер бетіндегі бітімгершілік процесіне, адамдарды төзімділік пен сыйластық рухына тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты деп санаймын. Съездің алғашқы декларациясының өзінде қатысушылар діни ерекшеліктерді өшпенділік пен алауыздық құралы ретінде пайдалануға жол бермеуге барынша күш салып, адамзатты діндер мен мәдениеттердің жаһандық қақтығысынан қорғауға дайын екендігі туралы, сондай-ақ төзімділік, шындық, әділдік пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды кез келген уағыздың негізгі мақсаты ретінде ілгерілету жайлы мәлімдеген болатын», - деді Дариға Назарбаева.

Бұған дейін Сенат төрағасы «Әлемдік конфессия басшыларының Еуразия кіндігінде кездесуі дәстүрге айналды» деген еді.

Атап өтсек, бүгінгі шарада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасу жоспарланған. Бұған қоса, 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар айтылмақ. Мәселен, Съездің негізгі тақырыбы, секциялық отырыстардың тақыптары, өткізілу мерзімдері талқыланады.

Сондай-ақ, Съез хатшылығының ХІХ отырысын өткізу уақыты мен орны анықталады. Ал соңында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысының хаттамасы қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы