Әлемдік Courser платформасыда қазақстандық оқытушылардың курсы пайда болады

10 Маусым 2023, 19:25
879
Бөлісу:
Әлемдік Courser платформасыда қазақстандық оқытушылардың курсы пайда болады
Фото: ZOOM скрин

Coursera компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальда «Coursera қазақ тілінде» жобасына қатысушы 25 аймақтың университет ректорлары, проректорлары және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиын барысында «Courser» материалдарын пайдаланып қоймай, негізгі талап ретінде еліміздің ЖОО мен оқытушылардың материалы платформаға салынатыны белгі болды.

Әлемдік Courser платформасыда қазақстандық оқытушылардың курсы пайда болады

Цифрлы технологиялардың негізінде ғаламдану процесі өте тез, кең етек алып келе жатқанын білесіздер. Бұл процесс білім беру саласын айналып өтіп жатқан жоқ. Осы ретте, әлемдегі ең мықты, алдыңғы қатарлы 185 оқу-орнының білікті оқытушыларының курстары «Courser» деп аталатын платформада жинақталған. Әлемдегі ең мықты кәсіпорындардың, компаниялар қызыметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыруды осы бағдарламен жүзеге асыруда. Дүниежүзіндегі 200 мемлекеттің 123 млн қолданушысы күнделікті осы платформаның негізінде білім алып жатыр. Әлемнің 3 мыңнан астам ЖОО-ы осы платформаны кеңінен қолданып жатыр. Сол арқылы өзінің мазмұндық, әдістемелік, академиялық әлеуетін арттыруда. Сондай-ақ, «Courser» материалдарын пайдаланып қоймай, негізгі талап ретінде еліміздің ЖОО мен оқытушылардың материалдарын курсқа саламыз деп келістік. Сондықтан бұл бағытта, белсенді жұмыс істейміз. Бул платформаның тағы бір артықшылығы жасанды интелекті құру, оны іске асыру жолдарын үйренуге болады, – дейді BMG Upskill компаниясының басшысы.

Әлемдік Courser платформасыда қазақстандық оқытушылардың курсы пайда болады

Еске салайық, аймақтық 25 оқу орнының студенттері «Coursera қазақ тілінде» платформасының 26 мыңнан аса курсын аяқтады. Соның ішінде курстарды 11 358-і – қазақ тілінде, 8 653-і ағылшын, 6 096-ы орыс тілінде өткен.

Өзгелердің жаңалығы