Дубайдағы Roasters Specialty Coffee House кофеханасы әлемдегі ең қымбат кофе ұсынып, Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Бұл ерекше сусынның құны – 2 500 дирхам (шамамен 6 680 доллар), деп хабарлайды BAQ.KZ ЕАdaily прталына сілтеме жасап.
Рекордтық кофе Панамада өсірілетін сирек кездесетін Geisha Esmeralda дәндерінен арнайы пуровер әдісімен (V60 сүзгісі) дайындалады. Оның дәмінде гүлді хош иіс пен тропикалық жемістердің ноталары сезіледі.
Бұл қымбат сусын 13 қыркүйекте тіркеліп, ресми түрде рекордқа енді. Кофе Жапонияда қолмен жасалған Edo Kiriko кристалды ыдысында ұсынылады. Сусынға ерекше десерттер – тирамису, шоколадты балмұздақ және Geisha дәндері қосылған шоколад беріледі.
Кофехананың айтуынша, бұл сусын қазірдің өзінде мәзірде бар және кез келген қонақ тапсырыс бере алады.