Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемдегі ең қарт қызметтегі мемлекет басшысы кім екенін білесіз бе?

28 Қазан 2025, 10:07
509
Бөлісу:
 РИА Новости/Павел Бедняков
Фото: РИА Новости/Павел Бедняков

92 жастағы Камерун президенті Поль Бийя мемлекет басшысы қызметіне қайта сайланды. Елдің Конституциялық сотының дерегінше, ол сайлаушылардың 53,66 пайыз дауысын жинаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Бийя 1982 жылдан бері Камерунды басқарып келеді және енді жеті жылдық мерзімге өзінің сегізінші президенттік өкілеттігін бастайды.

Сайлау 12 қазанда өткен, ал ресми нәтижелер екі аптадан кейін жарияланды. Сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру тыныш жағдайда өткен.

Әлемдегі ең қарт қызметтегі мемлекет басшысы кім екенін білесіз бе?
Фото: Reuters

БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, сайлауалды науқан кезінде Бийя бар болғаны бір митинг өткізген, ал біраз уақытын Еуропада жеке сапармен өткізген. Негізгі қарсыластардың болмауы және оппозицияның бытыраңқылығы қазіргі көшбасшының қайта сайлануын іс жүзінде формалдылыққа айналдырды.

Поль Бийя әлемдегі ең қарт қызметтегі мемлекет басшысы саналады. Ол билікте 40 жылдан астам уақыт отыр.

Өзгелердің жаңалығы